Рейтинг: Ұлытау облысында ең нашар көрсеткіш

Ulysmedia

Қазақстан аймақтарындағы жұмыс берушілердің қызметкерлерге міндетті зейнетақы төлемдерін жасау көрсеткіші бойынша рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Экономикалық-сараптамалық “Қара аққу, шаян һәм шортан” телеграм арнасының хабарлауынша, ең нашар көрсеткіш Берік Әбдіғалиұлы басқаратын Ұлытау облысында тіркелген. Онда жұмыс берушілер жұмысшылардың тек 0,8% үшін аударым жасайған. Бұл әкімдік және басқа бюджеттік мекемелер аударым жасайтын 439 жұмысшыны құрайды.

Антирейтингте екінші орында (5,1%) - Марат Сұлтанғазиев басқаратын Алматы облысы. Мұндағы жағдай Ұлытаудан сәл жақсырақ - 12773 адам.

Рейтингте Жеңіс Қасымбек басқаратын шенеуніктер мен квазимемлекеттік сектор қаласы Астана көш бастап тұр. Мұнда 44%.

“Негізінен БЖЗҚ-ға бюджет қаражаты аударылатынын мойындау керек”, – деп жазылған хабарламада. 

Рейтингтегі аймақтар көрсеткіші мынандай: 

  • 0,8% Ұлытау
  • 5,1% Алматы облысы
  • 27,6% Түркістан
  • 27,7% Жетісу
  • 28,7% Жамбыл
  • 28,8% Шымкент
  • 29,9% ШҚО
  • 30,5% Ақмола
  • 32,6% СҚО
  • 34,5% Қостанай
  • 34,8% Павлодар
  • 35,1% Қызылорда
  • 35,9% БҚО
  • 37,1% Ақтөбе
  • 38,6% Абай
  • 38,7% Қарағанды
  • 39,3% Маңғыстау
  • 39,7% Атырау
  • 40,1% Алматы
  • 44,0% Астана