"Қытай тілі кафедралары ашылады". Министр түсініктеме берді

Қалижан Бектемір

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстандағы оқу орындарында қытай тілінің оқытылатынына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia

“Құрметті әріптестер. Қытай тілі кафедраларын бірнеше ұлттық және мемлекеттік ЖОО ашу жоспары бар. ҚХР көмегімен. Қытай тілі тек қана екінші шет тілі студенттің қалауымен (орысша НА ВЫБОР) ұсынылатын болады”, – деп жазды министр.

Оның сөзінше, ағылшын тілі мен басқа шет тілдердің сағаттары алынбайды.

“Қосымша таңдау ретінде ұсынылады. Қытай тілді салалық мамандар аз бізде. Инженерлік мамандықтарға қосышма таңдау ретінде беріледі”, – деп түсіндірді Нұрбек.