ТОП-5 курорттық аймақ: Қазақстанға үш айда 800 мыңдай турист келді

Сырым Қаржас

Туризм комитеті Қазақстандағы ТОП-5 курорттық аймақтың тізімін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

2024 жылдың қаңтар-наурыз аралығында Қазақстанның курорттық аймақтарында 766 588 адам демалған. Саяхатшылардың көбінің таңдауы түскен аймақтар мыналар:

Бесінші орындағы Алтай курорттық аймағына 2024 жылдың алғашқы үш айында 20 696 турист келген. 

“Төртінші орын – Түркістан туристік аймағы. Бұл жердің бай тарихы мен мәдени мұрасын 26 069 қонақ тамашалады. Үшінші орындағы Маңғыстау курорттық аймағының бірегей табиғи ландшафттар мен Каспий теңізінің жағалауы 57 529 туристтің демалатын орнына айналды”, – деп жазылған хабарламада. 

Екінші орында табиғи сұлулығы, көлдері мен ормандары 69 103 саяхатшыны таңғалдырған Шучье-Бурабай курорттық аймағы тұр.Ал бірінші орынға Алматы тау кластері жайғасқан. Бұл ең көп туристі қабылдаған курорттық аймақтың табиғаты мен тау пейзаждарын тамашалауға 551 965 турист барған.