Биыл маусымда Әуезов ауданының бюджеті 25% ұлғайды

Ulysmedia

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданының тұрғындарымен өткен есептік кездесуде ауданның экономикалық көрсеткіштері туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кездесуді ашқан қала басшысы тарихи тығыз қоныстанған Әуезов ауданында бизнес-ортаның белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Инвестициялар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%- ға өсіп, 37,4 млрд теңгеге жетті. Салық төлемдері 137 млрд теңгеге жетті, яғни 39% құрады. Тек жарты жылдың ішінде 3 мыңнан астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылды.

Биыл аудан бюджеті 10 млрд теңгеге, ал 2023 жылы 26 млрд теңгеге ұлғайған еді. 2024 жылғы маусымда бюджет тағы 25%-ға ұлғайып, 45 млрд теңгені құрады.

«Бюджет қаражаты инженерлік және жол инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді жайластыру жөніндегі жобаларды іске асыруға бағытталады», - деді Алматы әкімі.