Қазақстанда Аризонадағы екі университеттің филиалы ашылады

Аян Өрібай

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, жоғоры оқу орындарының сапасын көтерудің тағы бір тетігі - бәсекелестікті арттыру екенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Отандық университеттердің шетелдік үздік университеттермен тәжірибе алмасу және бәсекеге қабілетті болуы үшін біз Қазақстанда шетелдің алдынғы қатарлы университеттерінің филиалдарын ашу бойынша жұмысты бастап кеттік. Биыл De Montfort Leicester университетінің филиалы ашылды», - деді Асхат Аймағамбетов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министр өз сөзінде алдағы уақытта елде University of Arizona және Arizona State University филиалдарын ашу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті. Одан бөлек тағы кем дегенде 5 филиал ашу бойынша жүмыс жүргізіледі.