Қазақстанда орташа зейнетақы қанша?

Ulysmedia

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда 2,4 миллионға жуық зейнеткер тұрады, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылдың басынан бері Қазақстанда 1,8 триллион теңгеден астам сомаға зейнетақы төленгенін хабарлады.

"Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 861 миллиард теңге көлемінде зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 585,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 1 триллион 275,8 миллиард теңге жұмсалды", - деп хабарлады министрлік.

2024 жылдың 1 шілдесіне жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 110 теңгені құрады. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 479 теңге, базалық зейнетақы – 42 631 теңге.