Екі адам қаза болды. Алматыда тағы да жол апаты

Әлихан Асқақ

Алматыда қоғамдық көліктің қатысуымен тағы бір жол апаты тіркелді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Жергілікті полицияның хабарлауынша, көлік апаты түнде Медеу ауданында болған. Талғар тас жолының бойымен батыс бағытта келе жатқан «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, автобусқа соғылған. Қаза болғандар бар.

Жол апаты салдарынан «Тойота» көлігіндегі екі жолаушы қаза тапты. Екі адам қаза тапқан жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды – деді Алматы қ. ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, Алматыда екі күн бұрын ауыр жүк көлігі қоғамдық көліктің артынан соғып, апаттан 9 жолаушы зардап шеккен болатын.