Мәйіт табылды. 20 жастағы қызды зорлап өлтірді деген күдікті ұсталды

Әлихан Асқақ

Жетісу облысында ауылда 14 шілдеде хабар-ошарсыз жоғалған қыздың денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

20 жастағы қызды 14 шілдеден бері ешкім көрмеген. Оның денесі қараусыз қалған үйден табылды. Тәнінде зорлық-зомбылық белгісі бар.

Тергеу мәліметтері бойынша, ол алдымен зорланған. Содан кейін өлтірілген. Полиция осы іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Кісі өлтіру және жыныстық қатынасқа итермелеу бойынша қылмыс жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге деректер таратуға жатпайды, - деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.

Іс аймақтық полиция басшылығының бақылауында.