Алматыда атыс болды

Әлихан Асқақ

Алматыдағы дәмханалардың бірінде ер адамдар арасындағы кикілжің соңы атыспен аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кафелердің бірінде ер адамдар дауласып, даудың соңы күш көрсетуге ұласты. Төбелес кезінде олардың бірі травматикалық қару қолданған.

Адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті «ізін суытпай ұсталды» және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Травматикалық тапанша тәркіленді. Істің басқа да мән-жайы анықталып жатыр, - делінген хабарламада.