Қазақстанда кредит процентенің шекті мөлшері белгіленуі мүмкін

Ulysmedia

Қазақстан несиелер бойынша шекті мөлшерлемелерді төмендетуге ниетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банк қаулысының жобасына сәйкес кредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін мынадай деңгейде белгілеу жоспарланып отыр: 

  • кепілсіз қарыздар – 46%;
  • кепілді қарыздар – 35%;
  • ипотекалық қарыздар – 25%;
  • микрокредиттер – 46%;

45 күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге және 45 АЕК – ке дейінгі мөлшерде микрокредиттер – күніне 0,3%, бірақ 179% – дан аспайды.

Құжат 1 тамызға дейін қоғам талқылауында болады. Ол қабылданған жағдайда қаулы 20 тамыздан бастап күшіне енеді.