Windows-тағы ақау: Министрлік мәлімдеме жасады

Сырым Қаржас

Microsoft жұмысында шыққан жаһандық ақауға байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі үндеу жасады, деп хабарлайдф Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда елдің маңызды инфрақұрылымдары мен мемлекеттік IT-сервистерінің жұмысында ешқандай ақаулар тіркелмеген.

“Microsoft операциялық жүйесінің жаһандық істен шығуына байланысты, бірқатар елде әуежайлар мен IT-сервистердің жұмыстарында ақау байқалды. Осыған байланысты  шағымдар түскен жоқ, барлық жүйелер қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Цифрлық даму министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр”, - деп хабарлады министрлік.

Айта кету керек, бүгін ауқымды технологиялық ақау салдарынан Microsoft корпорациясының пайдаланушылары, соның ішінде банктер мен әуе компанияларының жұмысы тоқтады.