Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісі үсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚҰПИЯ ГРИФІ БАР
Астана сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, Еран Тұрғымбаевтың ісі "құпия грифімен" өтіп жатыр.
ІІМ бұрынғы басшысының ұсталғаны туралы сәуір айының соңында белгілі болды.
Ол 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде билігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Бас прокуратура Тұрғымбаевтың қылмыстық ісінде мемлекеттік құпияға жататын мәліметтер бар деді.
ТҰРҒЫМБАЕВ ЖАЙЛЫ
Бұған дейін ІІМ-нің бұрынғы басшысы президент аппаратынан да, журналистердің назарынан де жоғалып кеткен болатын, ал қандай да бір себептермен құқық қорғау органдарының құрығына түспеді. Айта кету керек, қаңтар айындағы оқиғалардан кейін тергеу изоляторларындағы азаптауларға қарамастан, Тұрғымбаев жазаланбай, қызметтен түсе сала Президенттің кеңесшісі болып барды.
2022 жылдың 5 қаңтарында Алматы орталығына 20 мың адам келіп, әкімдік ғимаратын басып алуға әрекет жасағанын осы Тұрғымбаевтың айтқан болатын. Олардың мұздай қаруланғанын, ұрысқа тас-түйін дайындалып келегендерін, ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде екенін алға тартқан.
Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек министр шабуылдаушылардың күші басым болғандықтан, полицияға шегінуге тура келгенін айтқан.