Әлеуметтік желіде қайырымды ісімен танылған жігіт тағы бір жанға қуаныш сыйлады, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол бұл жолы церебральды сал ауруы диагнозы қойылған 16 жастағы Айнұр есімді қызға көмекке келді. Айнұр қазір әжесімен бірге жалдамалы пәтерде тұрады. Ал анасы үш айлық сәби кезінде тастап кеткен екен. Сол үшін анасына өкпесі барын жасырмады.
Аналар баласын ешқашан тастамауы керек, - дейді ол.
Айнұрдан арманын сұрағанда «Емделу. Дизайнер және суретші болу» деп жауап берді. Бетперде таққан жігіт Айнұрдың еміне қаражат ұсынып, баспана сыйлады. Мұндай сый күтпеген қыз қуаныштан көз жасына ерік берді.