АҚШ-тағы сайлау: Илон Маск кандидаттардың жасын шектеуді ұсынды

Сырым Қаржас

Америкалық миллиардер, SpaceX-тің негізін қалаушы және X компаниясының қожайыны Илон Маск АҚШ президенттігіне кандидаттарға қатысты шарттарды өзгерту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Apu Gomes / Getty Images

Қазіргі сайлау додасында тағы бір миллиардер, экс-президент Дональд  Трампты қолдайтын кәсіпкер АҚШ президенттігіне үміткерлердің жасына шектеу белгіленуі керек деп есептейді.

"Ең жоғары шекті жас болуы керек. Құрылтайшы-әкелер әлдекімнің соншалықты ұзақ өмір сүретінін күткен жоқ", - деп жазды ол X-тегі парақшасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Илон Маск президенттік бәсекеде Дональд Трампты белсенді қолдайтын America PAC қорына қомақты қаржы аударған болатын.

Сондай-ақ АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетсе, Масктің Ақ үйде жұмысқа тұруы мүмкін екені де айтылып жүр.