Мемлекет басшысы Бельгия Королін құттықтады

Сырым Қаржас

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда

Корольдің атына жолданған жеделхатта Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің арасындағы тығыз қарым-қатынасты ерекше атап өткен.

– Қазақстан мен Бельгияны берік достық пен өзара құрметке негізделген тығыз серіктестік қарым-қатынас байланыстыратынын ерекше атап өткім келеді, – деп жазылған жеделхатта. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, Бельгия халқына бақ-береке тіледі.