Ақмола облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Облыстық ТЖД оқиға орнынан видео жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Державинск қаласынан 10 шақырым жерде Ан-2 ұшағы өртенді”, – деп жазылған хабарламада.
Ведомсвтво хабарлауынша, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
"Пилот жанып жатқан ұшақтан өздігінен эвакуацияланды", - деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар сегіз минуттың ішінде өртті оқшаулады. Қазіргі таңда өрт толығымен сөндірілген.
Көлік министрлігі бұл апатты арнайы комиссия тергейтінін мәлімдеді. Министрлік дерегінше, оқиға жексенбі күні болған. UPA0141 нөмірімен тіркелген ұшақ "Бүркіт-Авиа" ЖШС-ға тиесілі. Ан-2 техникалық ұшу жасаған. Бортта бір пилот болған.
"Оқиға бойынша Көлік министрлігі әуе апатын тергеу үшін комиссия құрып жатыр. Департамент қызметкерлері әуе апаты орнына аттанады”, – делінген хабарламада.