Қазақстанда 43 градусқа дейін аптап ыстық болады

Ulysmedia

Синоптиктердің мәліметі бойынша, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде 43 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК алдағы күндердегі ауа райы туралы хабарлады. Синоптиктердің айтуынша, атмосфералық қысымның төмендеуі аясында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр болып, найзағай ойнайды және жел күтіледі.

"Солтүстік-батыста, солтүстікте қатты нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады деп күтілуде. 24-25 шілдеде батыста. 25 шілдеде ел орталығында. Күндіз елдің шығысында ауа температурасы +30+35℃-қа дейін, оңтүстікте +38+43℃-қа дейін, оңтүстік-шығыста +31+37℃-қа дейін көтеріледі", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан облыстарында аптап ыстық пен қатты жаңбыр күтілетіні хабарланған болатын.