Апатқа ұшыраған Ан-2 ұшағына қатысты мәлімдеме

Әлихан Асқақ

21 шілдеде Державинскіден 10 шақырым қашықтықта Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі шағын авиация ұшулары қауіпсіздігі бойынша шараларды күшейтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

дереккөз

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің тапсырмасы бойынша авиациялық оқиғалардың қайталануының алдын алуға, оның ішінде компаниялардың қызметін тоқтата тұру, әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтата тұру, заңнама талаптарын бұзған тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту жолымен бағытталған шараларды күшейтеді, - деп хабарлады Қазақстанның авиациялық әкімшілігі.

Айта кетейік, 2024 жылдың 21 шілдесінде Державинскіден 10 шақырым қашықтықта Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады. Ақмола облысы ТЖД мәліметтері бойынша, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, ұшқыш жанып жатқан техникадан өз бетінше шыққан.