Маңғыстау дабыл қондырғысын сатып алуға 671 млн теңге жұмсамақ

Әлихан Асқақ
ашық дереккөз

Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті дабыл қондырғысын сатып алуға 671 млн теңге көлемінде қаржы жұмсамақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚазТАГ-тың мәліметіне қарағанда дабылды ескерту кезінде дыбыс күшейткіш апаратқа «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті» ММ тапсырыс берген.

Тапсырыс беруші – «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті» ММ; атауы - сөйлеп хабарлау аспабы; қосымша сипаттамасы - сирень-сөйлеу қондырғысы (ескерту құрылғысы); саны - 112; өлшем бірлік - комплект; жоспарлы сома - Т670 999 999,04, - деп көрсетілген мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 5 тамыз бен 20 тамыз аралығында өтеді.