Алматыда жатақхана мәселесі әлі де өзектілігін жойған жоқ. Биыл 29 мыңға жуық орын тапшы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
24.KZ сайтының мәліметінше, былтыр бұл көрсеткіш 33 мыңның төңірегінде болған. Қалалық жастар саясаты басқармасының ақпаратына қарағанда, осы оқу жылында 15 нысан пайдалануға беріліп, 7 мыңға тарта студент жатақханаға орналасады.
Еске сала кетейік, мегополистегі 35 жоғары оқу орнында 200 мыңға жуық студент білім алады.
Білім қуып келген жастар далада қалмайды, - дейді осы іске жауапты мамандар.
Қазір жатақхана мәселесі екі бағытта шешіліп жатыр. Алғашқысында жаңадан салынады. Ал екіншісінде ескі ғимараттар мақсатты бағдарын өзгертіп, қайта құрылады. Осы жүйе бойынша Алматыда 2030 жылға қарай жатақхана мәселесі толықтай шешімін табады деген жоспар бар.