Өз туысын өлтірген. Алматыда күдікті әйел ұсталды

Әлихан Асқақ

Алматыда кісі өлтіру қылмысы ашылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

дереккөз

Кешкі сағат бес шамасында аса ауыр қылмыс жасалды. Алмалы ауданындағы үйлердің бірінің кіреберісінде пышақ жарақаты бар ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлады полиция.

Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов қылмыстың іс ізі суымай-ақ ашылғанын баяндады.

Полиция сол жерге барған. Олар сол маңда 30-35 жастағы қыздың тротуармен жүгіріп келе жатқанын байқайды. Күдікті – өлген адамның туысы.

Олардың арасында жанжал болып, әйел ер адамды пышақтап кеткені анықталды.

Қылмыстық іс қозғалды. Әйел ұсталды.