Қырғызстанда тағы да жойқын сел түсті

Әлихан Асқақ

Қырғызстанның Жалал-Абад облысында ауыл түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Қырғызстан ТЖМ-нің мәліметіне қарағанда, табиғи апат 23 шілдеде Арстан-Бап ауылында жауған нөсер жаңбырдан кейін орын алған.

ТЖМ жариялаған кадрларда Ауыл арқылы өтетін жолда қуатты ағынның бірнеше көлікті жаңқаша қаңғалақтатып бара жатқанын көруге болады. Көшелерді жылдам шайған су 23 көлікті алып кетті. Сел инфрақұрылымға үлкен зиян келтірді: бір аурухана, сауда үйі және бес көпір зақымданды.

Оқиға орнына Базар-Қорған аудандық жедел жәрдем бөлімшесінің жедел тобы шақырылды – деп хабарлады Қырғызстан ТЖМ.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы әлі хабарланған жоқ.