FlyArystan мен Scat жолаушылар құқығын бұзғаны үшін айыппұл төлейді

Ulysmedia

Азаматтық авиация комитетінің мәліметі бойынша, отандық және шетелдік әуе компанияларын жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia

Комитет жазғы кезеңде әуе компанияларына қызметтерді уақтылы көрсетпеу немесе рейстің кешігуі кезінде қызмет көрсету туралы жолаушылардың шағымдары жиі түсе бастағанын хабарлады.

АЙЫППҰЛ КӨЛЕМІ

Осылайша, 11 шілдедегі Алматы-Қарағанды рейсінің жолаушыларын қонақүйге орналастырмағаны және оларға трансфер ұйымдастырмағаны үшін Fly Arystan әуе компаниясы жазаланды. Компанияға 3 692 000 теңге айыппұл салынды.

"Бұған дейін 24 маусымда Атырау – Алматы бағыты бойынша рейстің кешігуі кезінде қызметтерді тиісінше көрсетпегені үшін «SCAT» әуе компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, айыппұл сомасы 1000 АЕК (3 692 000 теңге) құрады", - деп хабарлады Комитет.

Еске сала кетейік, бұған дейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Air Astana әуе компаниясына қатысты көптеген шағымдарға түсініктеме берген болатын.

Қазақстандықтар әуе рейстерінің ұзақ және жиі кешігуіне үнемі шағымданады.​​