ҚазҰУ-дағы қайғылы жағдай: жасөспірім өлімінің нақты себебі

Сырым Қаржас

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметіне сүйенсек, субұрқақтағы жасөспірім өлімінің ресми себебі – тұншығу деп танылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚазҰУ

РЕСМИ ЖАУАП

Еліміздің Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақта қаза тапқан жасөспірімге қатысты сауалдарға жауап берді.

«Өлімнің ресми себебі – асфиксия, яғни тұншығу. Бірақ кейінірек тағы екі сараптама бар екені белгілі болды. Біріншісі өлім себебін анықтаса, екінші және үшіншінен қосымша ақпарат белгілі болмақ. Электр тогы соқты ма, әлде  құрысып қалды ма, соны анықтайды Сондықтан біз қорытынды сараптаманы күтуіміз керек», деді ол.

ОҚИҒА ЖЕЛІСІ

23 шілде күні Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аумағындағы субұрқаққа батып кеткен жасөспірімнің өліміне суға тұншығып қалуы себеп болғаны анықталған еді.

Ол жасөспірім маусымның 19-ы күні Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағында қайтыс болған.

Куәгерлердің айтуынша, марқұм аптап ыстыққа шыдамай, субұрқаққа түсіп, кейін жүрегі тоқтап қалған.