«Абылайхан алаңында» мультимедиялық мұражай кешені ашылды

Сырым Қаржас

«Бурабай» ұлттық паркіндегі Абылай хан алаңында еліміздегі ең жоғары технологиялық интерактивті мұражайлардың бірі – мультимедиялық интерактивті кешен салатанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

History-akmola.kz

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат таратты.

Кешен мәдени-көрмеде үйлесімді орын тауып, Қазақстанның мәдени, рухани және тарихи мұрасын дамытуға ықпал етеді.

Салтанатты іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары Рустам Баялиев және т.б. қатысты. 

2021 жылы іске қосылған кешеннің 3 жылдан кейін тұжырымдамасы қайта қаралып, соңғы анимациялық және аудиовизуалды технологияларды қолдана отырып жаңартылды. 

Кешен Ұлы Дала мұрасы, Қазақстанға саяхат, Самұрық құсының ұшуы, Батырлар даласы, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала тарихы, Қазақтың тарихи тұлғалары, Уақыт дәлізі, Абылай хан батасы деп аталатын тоғыз тақырыптық аймаққа бөлінген. Бұл әрбір келушіге қазақ мәдениетін сезінуге және ел тарихымен танысуға мүмкіндік береді.