YDD Corporation ферроқорытпа зауытының жарақат алған тағы екі жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1981 және 1987 жылы туған науқастар есін жимай қайтыс болды.
Осылайша, YDD Corporation зауытындағы төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандар саны төртке жетті. 22 шілдеде ауруханада 1993 жылы туған жұмысшы қайтыс болса, 24 шілдеде 1999 жылы туған жұмысшы көз жұмды. Компания қайтыс болған жұмысшылардың есімдерін атады:
Жарақат алған тағы төрт адам ауруханада жатыр.
Ulysmedia редакциясы марқұмның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады.
ЗАУЫТТАҒЫ ӨРТ
20 шілдеде Қарағандыдағы YDD Corporation компаниясының ферроқорытпа зауытында №1 пеште кенеттен жалын атқылап, соның салдарынан сегіз адам зардап шекті.
Болған оқиғаның себептері мен жағдайларын тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.
ҚР ҚК 156-бабының 2-бөлігі бойынша ("Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерін бұзу") қылмыстық іс қозғалды.