Қарағандыдағы өрт: Зардап шеккен екі қызметкер жалпы палатаға ауыстырылды

Ulysmedia

Қарағандыдағы өрттен зардап шеккен екі қызметкердің жағдайы оңалып, жалпы палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

сурет ашық дереккөзден

“Жазатайым оқиғадан зардап шеккен екі әріптесіміз шетелдік және жергілікті дәрігерлердің жәрдемі арқасында реанимациядан жалпы палатаға ауыстырылғаны белгілі болды. Компания олардың отбасыларымен және дәрігерлермен үнемі байланыста”, – деді компания өкілдері.

Еске сала кетейік, компания осыған дейін өмірден өткен Исмайлов Музафар Имантайұлын жерлеуді ұйымдастыру, ас өткізу және мазар салу бойынша барлық шығындарды өз мойнына алады, сондай-ақ отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді. Атап айтқанда, компания келесі міндеттемелерді атқарады: 

•⁠  ⁠Отбасыларды қолдау үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем жасайды.
•⁠  ⁠Отбасылардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмек көрсетеді.
•⁠  ⁠Қызметкерлер мен олардың жұбайларының барлық несиелерін толық өтейді.

“Сондай-ақ YDD Corporation барлық зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді жалғастырып, осылайша әріптестеріміздің мүмкіндігінше тезірек өз отбасыларына оралуларына жағдай жасайды”, – деді компания өкілдері.