Атырауда 27 жастағы жұмысшы көз жұмды

Ілияс Бақыт

Атырауда автокөлікті жөндеу кезінде 27 жастағы жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Фото: ашық дереккөзден

24 шілдеде Атырауда қайғылы оқиға болды: 27 жастағы жұмысшы бір ЖШС-нің гаражында шетелдік автокөлікті жөндеу кезінде қаза тапты.

ТЕРГЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Атырау облысының полиция департаменті ер адамның қаза тапқан фактісін растады. Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет жұмысшының өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеліп жатқанын хабарлады. Болған оқиғаның себептері мен жағдайларын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

ТЕРГЕУ ҚҰПИЯСЫ

Полиция тергеу құпиясын алға тартып қосымша мәліметтер беруден бас тартты.