АҚШ-тан жоғары: Қазақстан қауіпсіз елдер рейтингінде нешінші орында?

Ulysmedia

Numbeo.com сайтында мемлекеттердің қауіпсіздік деңгейі бойынша рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: wikivoyage.org

Numbeo.com сайтында 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қауіп-қатер мен қылмыс деңгейін бөлек қадағалауға болатын елдер рейтингі жарияланды. 

Қылмыс рейтингінде Қазақстан 45,6 индексімен 75-орында тұр. Өткен жылы Қазақстан 72-орында болып, индекс 46,4 баллды құраған.

Бір айта кетерлігі, бұл рейтингте Қазақстаннан жоғары орындарды Қырғызстан (43-орын) және Беларусь (54-орын) иеленген. Ресей 97-орында, ал Өзбекстан 120-орынға жайғасқан.

Қауіпсіздік индексі ескерілген рейтингте Қазақстан 54,4 баллмен 72-орынды иеленді (2023 жылы осы кезеңде 73-орын, индекс 53,6 болған).

Рейтингке қарағанда, Қазақстанда өмір сүру Ұлыбритания (85-орын), Швеция (87-орын) және АҚШ (88-орын) сияқты елдерге қарағанда қауіпсіздеу. Рейтингке барлығы 146 ел енген. Венесуэла ең қауіпті, ал Андорра ең қауіпсіз ел деп танылған.