Скутер кінәлі. Зейнеткер патшайымды соғып кетті

Әлихан Асқақ

Электр скутер мінген зейнеткер Дания патшайымы Марияны қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

СӘТСІЗ САПАР

52 жастағы Дания патшайымы Мария Гренландияға ресми сапары кезінде оны электр скутер мінген қария қағып кеткен. Күтпеген оқиғадан патшайым зардап шекті. Бұл туралы New York Post хабарлады. Оқиға патшайым көшеде адамдармен сөйлесіп тұрған кезде болды.

АДАМ АМАН

Күзет жедел көмекке келіп, патшайымды оқиға орнынан алып кетті. Кейінірек корольдік отбасының өкілі Мэридің зардап шекпегенін хабарлады.

Патшайымды құлатқан зейнеткер электр скутерін басқарудан айрылғанын және мұндай оқиғаның қалай болғанын түсінбейтінін айтты.