Бүгін Астана қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Бишімбаевтар арызданған журналист Сырым Итқұловқа қатысты істі тоқтату туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Бұдан біраз бұрын У. Бишімбаев пен А. Нұрлыбекова (Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы) журналист/блогер Итқұлов Сырымды жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы полицияға арызданған.
Журналист Антикор қызметкерлері Бишімбаевтың қылмыстық ісі бойынша “мәселені оң шешу” үшін 100 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат беру кезінде Астана тұрғынын(әйел адам) тұтқындады деген ақпарат таратқан.
«Журналистің жазбасына филолог маман қорытынды жасады, соның негізінде өтініш берушілердің дәлелдері расталмады. Айта кету керек, Итқұлов мемлекеттік органдар таратқан ақпаратты жариялады», - дейді адвокат Дамир Ишмамбетов.