Құрылыс министрлігі: Пәтер бағасы біртіндеп өсе береді

Сырым Қаржас

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында пәтер бағасы туралы болжамын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

«Бұл жерде пәтер бағасының күрт түскені байқалмағанына сендіре аламын. Өйткені инфляция баспана бағасына қалай да әсер етеді. 2024 жылдың алғашқы жартысындағы қорытынды бойынша қолданысқа беріліп жатқан баспана ауданының өсу тенденциясы бар. Құрылыс шығындарының орташа статистикасы да 2-3 пайыз көлемінде өсті. Дей тұрғанмен, жасалған мәмілелер саны төмендеген. Біз пәтер құнының түсуін дәл осы мәмілелердің азаюымен байланыстырамыз. Жалпы пәтер бағасының күрт өсуін немесе күрт түсуін күтіп отырған жоқпыз. Біртіндеп өсе береді деген болжам бар», - деді Бақытжан Жүнісбеков.