Қазақстанда аптап ыстық пен өрт қаупі сақталады

Ulysmedia

"Қазгидромет" 27 шілдеге арналған өрт қаупі болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Pixabay

Синоптиктердің болжамы бойынша, 27 шілде күні күндіз:

  • Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай облыстарында, Түркістан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады;
  • Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында, Түркістан облысының шөлейт аудандарында, Жамбыл облысының батысында өте қатты ыстық күтілуде;
  • Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының солтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде, орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтілуде;
  • Маңғыстау облысында, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шөлейт аудандарында, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.​​