ҰҒА: Назарбаев ешқандай атағынан айырылған жоқ

Әлихан Асқақ

Ұлттық ғылым академиясы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің академиктер тізімі жаңартылды, Нұрсұлтан Назарбаев бұл тізімде жоқ деген сөзін жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia

Ұлттық ғылым академиясы академик мәртебесі өмір бойына берілетінін, оның күші тек айрықша жағдайларда ғана жойылатынын айтты. Олардың хабарлауынша, Назарбаев әлі де академиктер тізімінде.

Ұлттық ғылым академиясының академиктері жалпы жиналыста жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Жарғыға және ондаған жылдар бойы қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, академик мәртебесі өмір бойына беріледі. Жарғыда нақты белгіленген ерекше жағдайларда, Ғылым академиясы мүшелерінің дауыс беруі негізінде ғана алынып тасталынуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек президенттің шешімімен жаңа Ғылым академиясы құрылғанын, оның құрамында тоғыз академик барын, ал бұрынғы тізімнің күші жойылғанын айтқан болатын. Сонымен қатар, ҰҒА Саясат Нұрбекті Президент тапсырмасын орындамай отыр деп айыптаған еді.