Белгілі түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы өмірден өтті

Әлихан Асқақ

Белгілі түркітанушы, ғалым, қазақ түркітануында қайталанбас тұлға Қаржаубай Сартқожаұлы дүниеден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөз

Бұл туралы этнограф-журналист Бекен Қайратұлы жазды. 

Қазақтың аймаңдай азаматы, жанкешті ғалым, ұлтының жоғын жоқтап, жыртығына жамау болған үлкен түрколог - ғалым Қаржаубай ағамыз бақиға аттанды. Алла алдынан жарылқасын! Туған-туыс, ағайын-жұртқа және жеңгеміз Жәлейге көңіл айтамын! Қобда бетінің қазақтары арысың аттанды, Алла панасына алғай! - деп жазды Бекен Қайратұлы.