14 жастағы жапон қызы скейтбордтан Олимпиада чемпионы болды

Айнель Аянова

14 жасар жапондық қыз Олимпиада ойындарында скейтбордтан алтын медаль алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дзен

Скейтбордшылар бағдарламасында жүлделі подиумның барлығын кәмелетке толмаған спортшылар иеленді. Мұнда 14 жастағы Коко Есидзава чемпион атанды.

ХОК-тың ресми сайтының ақпараты бойынша, жас жапондық қыз "стрит" бойынша жеңіске жетті. Ол 272,75 ұпай жинаған. Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Коконың отандасы – 15 жастағы Лиз Акама (265,95) болды. Ол 15 жаста.

Үшінші орынға 16 жастағы бразилиялық скейтбордшы Райсса Лил (253,37) көтерілді. Есидзаваның жетістігі Жапония құрамасына жалпыкомандалық медаль есебінде бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта олардың еншісінде жеті марапат бар (төрт "алтын", екі "күміс" және бір "қола").