Олимпиада финалына өткен студент Александра Ле туралы не білеміз?

Ulysmedia

Мергеніміз Александра Ле финалға өткен еді. Ulysmedia.kz спортшы туралы деректер легін ұсынады. 

Фото: ашық дереккөзден

Александра Ле 2004 жылы Алматыда дүниеге келген.  2024 Олимпиадасының қола жүлдегері, 2022 Азиаданың қола жүлдегері, 2024 Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2023 Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2023 Джакартадағы Әлем кубогы кезеңінің чемпионы, 2023 Джакартадағы Әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері, 2023 Бхопалдағы Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері, 2023 Әлем чемпионатының қатысушысы. Сонымен қатар бүгін Олимпиадада 10 метрлік қашықтықта пневматикалық винтовкамен атудан финалдық сынға шығады. 

ОТБАСЫ

Александра алты жаста болғанда әкесі қайтыс болған. Анасы, Татьяна Копейко қызының мінезі әкесіне тартқанын айтады. 

“Мен әрқашан қызымның жеңісіне сендім, өйткені ол өте мақсатты. Ол он жылдан бері атыспен айналысады. Оның ержүректік мінезі бар, әкесіне ұқсаған. Өкінішке орай, ол Александра 6 жасында дүниеден озды. Ол - менің жалғызым. Ол бүкіл әлемге танымал болатынын айтқан болатын. Ол дүниеге келгенде біз оны бастапқыда Сандра деп атағымыз келді, бірақ содан кейін ол Александра болады деп шештік. Барша қазақстандықтарға, әрине, оның жаттықтырушысы Ольга Вячеславовна Довгунға қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғыс айтамын. Менің қызым Қазақстанның нағыз патриоты және ешқайда көшуді жоспарламайды”, - деді спортшының анасы.

АТЫСТЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАДЫ?

Александра атыс спортына сыныптасымен бірге жазылған. 2024 Олимпиадасының қола жүлдегері спорттық республикалық колледжді бітірген. Қазір Алматыдағы Жобаларды басқару институтында оқиды. Мамандығы "бизнес-инжиниринг", қыркүйекте үшінші курсқа өтеді.

ЖЕКЕ ӨМІРІ

20 жастағы Александра әлдеқашан тұрмыс құрған. Күйеуі Матвей Тимофеев те атыс спортымен айналысады. 2023 жылы Тимофеев Әлем кубогы кезеңінде ерлер командасында күміс жүлдегер атанған.