ТЖМ жұмыстан шыққан қызметкерге 1 млн теңге төлейтін болды

Әлихан Асқақ

Жоғарғы Сот дерегінше, Төтенше жағдайлар министрлігінен (ТЖМ) жұмыстан босатылған қызметкер Наталья Салтыкова пайдасына 1 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алғанын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

иллюстрациялық фото

Соттың 2024 жылғы 29 шілдедегі хабарламасында Наталья Салтыкова Төтенше жағдайлар министрлігінің экономика және қаржы департаментінің қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы лауазымында құқық қорғау қызметін атқарғаны айтылған.

2013 жылы арнайы атақ беру құқығы жойылғаннан кейін, ол осы басқармада сарапшы, кейін бас сарапшы болып тағайындалды.

Бес жылдан кейін министрліктің бұйрығымен құқық қорғау қызметінде зейнеткерлік жасқа толуына байланысты қызметінен босатылды.

“Бұл ретте оған 20-25 жыл еңбек өтілі бар қызметкерлерге арналған 6 айлық жалақы мөлшерінде өтемақы төленбеген. Салтыкова бұл өтемақыны 1 млн теңгеден астам сомаға өндіру туралы министрлікке талап арызбен сотқа жүгінді”, – делінген хабарламада.

ЖОҒАРҒЫ СОТ ШЕШІМІ

2021 жылы бірінші инстанциядағы сот талап арызды қанағаттандырудан бас тартып, үкіметтің ережелерінде талапкерге біржолғы жәрдемақы төлеудің құқықтық негіздерін көрмеген. Алайда Жоғарғы Сот істі қайта қарап, жеңілдіктер тек басқа құқық қорғау емес мемлекеттік органдарға ауысқан жағдайда ғана тоқтатылатынын көрсетті.

Бұл ретте ережелердің 8-тармағы арнайы атақ алу құқығынан айырылғандарға зейнетақы тағайындау кезінде жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтайды.

“Өртке қарсы қызмет капитаны, ТЖМ басқармасының бас маманы Салтыкова зейнетке шыққан кезде жеңілдіктерін сақтайтын қызметкерлер тізіміне енгізілген бұйрыққа сәйкес, 21 жылдан астам еңбек өтілі бар Салтыкова талаптарының негізді екендігі анықталды”,  –  делінген Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі хабарламасында.

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бұл іс бойынша сот актісін жойды.

Нәтижесінде Салтыкова талабы қанағаттандырылды: министрліктен 1 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.