Павлодарда көшеде әйелді пышақтап кетті

Сырым Қаржас

Павлодарда көшеде әйелді мойын тұсынан пышақтап кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

"Жақын маңдағы ауруханаға жедел жәрдеммен әйел түсті. Кеуде қуысына пышақ жарақаты салынған, ұйқы артериясы зақымданған", - деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау департаменті.

Жәбірленушіге ота жасалды. Ол хирургия бөлімінде емделіп жатыр.

Әлеуметтік желілерде оқиға Камзин көшесінде болғаны хабарланды. Әйелді көпқабатты үйдің кіреберісінен суық қарумен шыққан ер адам пышақтағаны айтылып жатыр.​​