Каспийде шаяндар қырылып жатыр

Әлихан Асқақ

Теңіз түбінде жиналып жатқан өлі шаяндарды тұрғындар байқаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Осы оқиғаға қатысты экологтар алдын-ала болжам жасады. Сондай-ақ, сол аймақтан су сынамаларын алу үшін мамандарды жіберді.

Өлі шаяндар 4А шағын ауданға қарама-қарсы жағалаудан 500 метр қашықтықтан табылған.

Шаяндар өте көп, судың түбінде ұсақ балықтар да бар. Мүмкін зиянды бірдеңе төккен шығар, — дейді бейнежазбаны түсірген тұрғын.

ESOMAR қауымдастығының өңірлік экологиялық кеңесінің төрағасы, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақов ұсақ балықтар мен шаяндардың өліміне теңізге зиянды заттардың төгілуі себеп болуы мүмкін деген болжам жасады.

Шаяндар бойынша маман емеспін, бірақ бейнежазбаға қарағанда, зиянды заттар рұқсатсыз төгілген болуы мүмкін. Бұл жерден судан және шаяндардан сынамалар алып талдау қажет, — деді эколог.

Мамандардың пікірінше, судағы оттегінің жетіспеушілігі де шаяндардың жаппай қырылуына себеп болуы мүмкін. Мәселен, моторлы қайықтардың дыбыстарынан қорқып, балдырлардың астына түсіп, жаппай жиналғандықтан оттегі жетіспей өлу ықтималдығы да бар.

Ал экология департаменті нақты себебін тексеру үшін судан сынамалар алатынын хабарлады.