Қазақстандықтар енді eGov Mobile мобильді қолданбасы арқылы өз балаларының сотталмағаны туралы анықтама ала алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл қызмет кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне қолжетімді. «Ұлттық ақпарттық технологиялар» АҚ-ның мәліметінше, пайдаланушылар анықтама форматын таңдай алады: электронды түрде немесе апостильмен қағаз түрінде.
Егер апостилмен анықтаманы таңдасаңыз, Мемлекеттік корпорация филиалының мекенжайын көрсетуіңіз және мемлекеттік бажды төлеуіңіз керек. Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама – талап ету орны бойынша ұсынуға, шетелге шығу кезінде визаны ресімдеуге, тұруға ықтиярхат алу, ҚР азаматтығын алу, қайта алу не одан шығу үшін қажет, – делінген хабарламада.
Қызметті алу үшін мына қадамдарды орындайсыз:
- еGov Mobile қолданбасында авторизация жасаңыз және «Жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту» бөліміне өтіңіз;
- «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру» тармағын таңдаңыз және қажетті өрістерді толтырыңыз;
- Өтінімге Face ID/Touch ID арқылы қол қойыңыз.
Нәтижені Жеке кабинет тарихынан тексеруге болады. Қызмет көрсету мерзімі – 10 минут, ал қосымша тексеру қажет болған жағдайда – 5 жұмыс күніне дейін.
Шетелге шығу үшін қажетті анықтамалар алу мерзімі де 5 жұмыс күніне дейін.