Қонаев қаласында автобус жолаушысына пышақпен шабуыл жасалды

Ілияс Бақыт

Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеокадр

Қонаев қаласындағы бір автобуста пышақпен шабуыл жасалып, нәтижесінде 41 жастағы ер адам зардап шеккені туралы ақпарат пайда болды. Таратылған кадрларда қанға боялған адамды көруге болады.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Полиция мәлімдегендей, қоғамдық көлікте 41 жастағы ер адамға пышақпен жарақат келтірген 36 жастағы күдікті ізін суытпай ұсталды.

"Кісі өлтіруге оқталу фактісі қалалық полицияда тіркелді. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін полиция қызметкерлері жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автобустарды бейнебақылау камераларымен және апаттық түймелермен жабдықтауды ұсынғаны хабарланған болатын.