AERC Қолданбалы экономика зерттеулері орталығы Қазақстанның 2024 жылғы мемлекеттік бюджетінің тапшылығы бойынша болжам жасады. Олардың пікірінше, жағдай бұрынғыдан да нашар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Зерттеушілер 2024 жылы Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің тапшылығы 6,69 трлн теңгені құрайды деп болжап отыр. Бұл ретте олар сәуірдегі болжамында 5,8 трлн теңге көрсеткішінде тоқтаған. Бұл шамамен 0,89 млрд теңгеге аз.
Көрсеткіштер Қазақстан экономикасы салаларының өсу қарқынының төмендеуінен корпоративтік табыс салығынан (КТС) түсімдердің азаюына байланысты нашарлады. Сондай-ақ сарапшылар бюджетке жеке табыс салығынан (ЖТС) түсетін қаражаттың азаюын болжап отыр.
"2024 жылға арналған мемлекеттік бюджеттің шығындары 29,7 трлн теңгеге тең болады деп болжануда. Шығындар бойынша болжам сәуірдегі шолудан сақталып отыр," - делінген есепте.