Нөсер. Үндістанда 150-ден астам адам қаза тапты

Әлихан Асқақ

Нөсер жаңбыр кезінде Үндістандағы көшкіннің салдарынан 150-ден астам адам қаза тауып, тағы 186-ға жуығы жарақат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

дереккөз

Ndtv.com сайтының мәліметіне қарағанда, өлгендер мен зардап шеккендердің нақты саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Тағы жүздеген адам аралда қалып, мемлекеттік органдар зардап шеккен аудандарда құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірнеше отбасы жақындарын таба алмай жатқанын хабарлады, - деп жазады үндістандық БАҚ.

Армия зардап шеккен аудандардан 1000-нан астам адамды сәтті эвакуациялады. Құтқару жұмыстарына 500-600 адам қатысып, әскери тікұшақтар тартылды.

Ауа райы жақсарғаннан кейін, апатқа ұшыраған адамдарды әуе арқылы тасымалдай бастаймыз, - деді генерал Арджун Сиган.

Үндістанның Керала штаты үздіксіз жаңбырдан зардап шегіп жатыр. 24 сағат ішінде штатта 372 мм жауын-шашын болса, төрт сағат ішінде Ваянад ауданында үш көшкін түскен.