74 жастағы жиһанкез. Ulytaumen Қазақстаннан Қытайға жаяу барады

Әлихан Асқақ

Бүгін елордада Сәрсенбай Қотырашовтың кезекті жаяу аралауға шығатын саяхатына дайындық барысын талқылау мақсатында кездесу өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

дереккөз

Танымал саяхатшы және марафоншы Сәрсенбай Қотырашов шамамен 3000 шақырым болатын алыс сапарға жаяу аттанады. Ол 2 тамыз күні Өскемен қаласынан шығып, күніне орта есеппен 40 шақырым жүруді жоспарлап отыр. 

Мен өзімнің жаяу саяхатымды алдағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнаймын. Біз көшпенділердің ұрпағымыз және олардың бай мәдениеті мен мұраларын әлемге танытқым келеді. Мен Алтай және Моңғолия арқылы Қытайға дейін жетуді жоспарлап отырмын, - деді Қотырашов сапарға аттанар алдында.

Сапары барысында Сәрсенбай Оспанұлы көшпенді халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерімен танысып, өз әсерлерімен және жаңалықтарымен әлеуметтік желілер мен медиа арқылы көпшілікпен бөлісуды жоспарлап отыр. Оның экспедициясы Орталық Азия көшпенді халықтарының бай тарихы мен мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған.