Біріккен Ұлттар ұйымы Қазақстан билігін ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы петицияны қарамауға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БҰҰ-да Қазақстан билігін ЛГБТ-ны насихаттауға қарсы петицияны қарамауға шақырды
– Бұл петицияны үкімет бірінші кезекте қарастырмауы керек әрі қазір қабылдамауы керек.
Бұл жыныстық бағдар мен гендерлік сәйкестікке негізделген сөз бостандығын, бейбіт жиналыстар мен қауымдастықтарды бұзады, - делінген БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар кеңсесі таратқан арнайы баяндамашыларының мәлімдемесінде.
Петицияны 29 мамырда қоғам қайраткері Бағила Балтабаева бастаған. Петиция бірнеше күн ішінде қарауға қажетті 50 мың дауысты жинап үлгерді.