Астанада қоғамдық көлікте жол ақысы 20 теңгеге қымбаттады

Сырым Қаржас

1 тамыз, яғни бүгіннен бастап Астана тұрғындары мен қонақтары автобустарда жол жүру үшін 110 теңге төлейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Астана әкімдігі бұған дейін 1 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру бағасы қымбаттайтынын хабарланған болатын. Қалалық маршруттарда жол жүруге 90 теңге болған. Бұл баға 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленген.

Бұл ретте 18 жасқа дейінгі балалар үшін жол жүру тегін болып береді (бірақ мектеп көлік картасын көрсеткен және оны валидациялаған кезде ғана).

Сондай-ақ өтеусіз жол жүру құқығын пайдалана алады:

  • Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
  • жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ зейнеткерлік жасқа толған асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
  • көп балалы аналар;
  • көпбалалы отбасылар;
  • мүгедектер;
  • он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері);
  • жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы"Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.

Бүгіннен бастап жол ақысы 110 теңгеге қымбаттады.