Бүгін Астанадда ЛГБТ насихатына қарсы жиын өткізілген. Мәдениет министрлігінің өкілі "ЛГБТ насихатына" қарсы петиция туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жиын барысында ЛГБТ насихатына қарсы азаматтар да (оның ішінде Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин де бар), петицияға қарсы шықққандар да сөйледі. Петицияны қолдаушылар ұлттық таным-түсінікке, тәрбиеге қарсы екенін айтып, мұның ел демографиясына кері әсерін тигізетінін айтса, петицияға қарсылар құжат күшіне енсе, бұл адам құқығын шектеу екенін айтты. Жиында ЛГБТ өкілі екенін ашық айтқан адамдар да болды.
Министрліктің жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Комбаров ведомство бұл петицияны ішінара қолдайтынын айтты. Мәдениет министрлігінің шенеуніктері кәмелетке толмаған қазақстандықтарды жыныстық қатынастарды насихаттаудан қорғау керек дегенге келіседі.
Қайрат Комбаров "ЛГБТ-насихатының" әсері жайлы ғылыми зерттеу жүргізуге шақырды.
– Барлық азаматтар заң алдында тең. Ешкімді кемсітуге болмайды. Осыған сүйене отырып, петиция ішінара қолдауға ие болады. Балаларды жыныстық қатынастарды насихаттау мен өсіруден қорғау жағынан петицияны қолдау жөнінде шешім қабылданды. Ғылыми зерттеулер жүргізу керек, - деді ол.
ЛГБТ-ға қарсы петиция
Еске сала кетейік, мамыр айының соңында epetition.kz ресми сайтында Бағила Балтабаеваның онлайн-петициясы жарияланған еді. Автор Қазақстанда "ЛГБТ насихатына" тыйым салуды сұрады. Петиция 10 күн ішінде 50 мың қол жинады, содан кейін Мәдениет және ақпарат министрлігі жұмысқа өтініш қабылдады.
1 тамызда Астанада қоғамдық тыңдаулар басталды.