«Ақжайық» футбол клубының экс-директоры қамауға алынды

Сырым Қаржас

"Ақжайық" футбол клубының бұрынғы директоры Азамат Шайқы ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Антикорға сілтеме жасай отырып.

ашық дереккөзден

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында "Ақжайық ФК" ЖШС-нің бұрынғы директоры ұсталғанын растайды, - делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен Азамат Шайқы қамауға алынды.

Шайқы 2022 жылдың маусым айының соңында "Ақжайық" ФК директоры қызметінен кеткен. 2023 жылдың қыркүйегінен 2024 жылдың шілдесіне дейін "Ақтөбе"ФК басқарма төрағасы қызметін атқарған.