Түрік мергеніне Илон Маск назар аударып, жапондар аниме-нұсқа шығарды

Сырым Қаржас

Париждегі Олимпиада ойындарында қолын қалтасына салып, "күміс" медаль иеленген түрік мергенінің есімі бүкіл әлемге тарай бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Юсуф Дикеч қолын қалтасында салып, қарсыластарындай арнайы құрал-жабдықтарды кимей, кешегі аралас командалар арасында 10 метрлік пневматикалық тапанша ату жарысында ерекше стилімен ерекшеленді.

Дикечтің бұл өнері бір сәтте-ақ оны бүкіл әлемге танытты.

Жапондық әлеуметтік желілер Олимпиаданың қазіргі тренді – түрік спортшысының аниме нұсқасын жасап үлгерді.

Спортшыға тіпті Илон Маск назар аударды, ол түрік мергені жайлы "Nice" деп пікір қалдырды.